ЖРВИ-дің асқынғанын қалай білеміз – маман кеңесі

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас балалар инфекционисі Динагүл Баешева орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында жіті респираторлық вирустың асқыну белгілерін атады.

дети болеют
Фото: freepik.com

- 5 жасқа дейінгі балалардың ата-анасына мына симптомдарды білу өте маңызды. Кел келген инфекция кезінде бала тамақ пен су ішпесе, жағдайы нашарлап, дене қызуы дәрі ішкеннен кейін де түспей қойса, демігіп, қалтыраса, тоқтаусыз жыласа немесе ұйқыдан бас алмай, маужыраған күйде болса, міндетті түрде медициналық көмекке жүгінуге негіз болатын белгі бар деген сөз. Бұл аурудың ауыр өтіп жатқаны деген сөз. Ал ұзаққа созылса, сырқаты асқынды деген сөз, - деді ол.

Оның айтуынша ЖРВИ асқынса, ағзаның бірнеше бөлігіне зақым келеді.

- Асқыну әр түрлі бола алады. ЖРВИ кезінде тыныс жолдары сыр беріп, бронхиолит, бронхит, пневмония, құлақ бет сүйегінің мұрынға жалғасқан қуыстары қабынуы мүмкін. Тұмау болса, ми да, жүрек те, өкпе де, бүйрек те зақымдалуы мүмкін. Сондықтан тұмау мәселесін бүгін ерекше қарап отырған шығармыз, - деді маман.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова биыл вирустардың өршуі желтоқсанның ортасына дейін жалғасуы мүмкін екенін айтқан еді. 

Соңғы жаңалықтар