Жүк вагондарын тонағандар ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылды
Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Келтірілген шығынның жалпы құны 10 миллион теңгеден асады. Көліктегі ішкі істер департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері мен Алматы-1 стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасы қызметкерлері аталған қылмысқа күдікті ретінде 37-жастағы Алматы қаласының тұрғынын ұстады. Бұдан соң оның сыбайластары ретінде Алматы қаласының 1971,1972,1982 жылғы азаматтары қолға түсті.
Тексеру барысында ұсталған азаматтардың басқа да қылмысқа қатысы бар екендіктері анықталды. Яғни, олар бұдан бұрын вагоннан құны 12 млн. теңгеден асатын қалбырланған жүгері ұрлаған.
Ұсталғандардың үстінен аса ірі көлемде ұрлық жасағандары үшін ҚР ҚК-нің 175 -бабы 4-бөлімінің «б» тармағымен қылмыстық іс қозғалды.
Ағымдағы жылдың қараша айында Алматы облысы Іле аудандық сотының үкімімен жоғарыда көрсетілген азаматтардың қылмыстары дәлелденіп, 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айыру, мүлкін тәркілеу туралы шешім шықты.