Жүрек толқытқан сәт: ҚХЛ Қазақстанның әнұраны орындалған бейнероликті жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы Instagram желісінде «Барыс Аренада» Магнитогорск «Металлургімен» матч алдында елордалық «Барыс» командасының жанкүйерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындаған видеоны жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бейнежазбаның астына «Қазақстан әнұранының осылайша орындалуынан жүрегім толқып кетті» деген пікір қалдырылған.

Нұр-Сұлтанда Гагарин кубогы үшін ҚХЛ плей-офф сериясы өтуде, үшінші ойын 5 наурызда, төртінші ойын 7 наурызда тағы да елордада өтеді.

Еске салайық, 5 наурызда «Барыс» ҚХЛ плей-офф кезеңінің өз алаңында өткен матчында жеңіліп қалған болатын.


Соңғы жаңалықтар