Жыл басынан бері 31 мыңнан астам құқықбұзушы жауапкершілікке тартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көліктегі полиция департаменті мен оның желілік бөліністерінің қызметкерлері кез келген құқық бұзушылыққа төзбеушілік қағидаты бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Әкімшілік полициясы басқармасының мәліметі бойынша, ағымдағы жыл басынан бері 31233 құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 400-ден аса адам әкімшілік қамауға алынып, 59 млн жуық теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидаты бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп, соның нәтижесінде, жалпы пайдалану орындарын ластау бойынша 411, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді пайдаланып, масаң күйде болғаны үшін 3788, тыйым салынған орындарда темекі шеккені үшін 2137, белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін 2013, тәуліктің түнгі уақыттарында балалардың үлкендердің ілесіп жүруінсіз 274, белгіленбеген жерлерде темір жол өткелдері үшін 15113 құқық бұзушы және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 910 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қоғамдық орындарда тиісу бойынша 1461 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 222-сі такси жүргізушісі.

Қабылдап-тарату орындарына тұрғылықты мекен-жайы жоқ 149 адам орналастырылып, 420 адам медициналық айықтырғышқа жіберілді.

Еліміздің әуе және темір жол көлігі нысандарынан қаңғыбастық және қайыршылық жасаған кәмелетке толмаған 100 жасөспірім бейімдеу орталықтарына жеткізіліп, орналастырылды.

Жыл басынан бері көлік полицейлері 14176 рет жолаушылар пойыздарына ілесіп жүрді.

Бұған қоса, полицейлер 349 бірлескен алдын алу іс-шараларын, 442 халықпен жиындар, 606 жолаушылар пойыздарында кездесулер және оқу орындарында 1060 дәріс өткізді.

Соңғы жаңалықтар