Жыл басынан бері 400-ден астам бала тегін сауықтыру курсынан өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Балалар жылы аясында ай сайын 100-ге жуық бала «Бөбек» орталығында тегін сауықтыру курсынан өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.
None
None

Жыл басынан бері Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарынан 440 бала сабағынан қалмай, өз денсаулығын жақсарту мүмкіндігіне ие болды. Олардың 63,9%-ында тыныс алу органдарының аурулары және әлсіз иммунитет, 9%-ында анемия бар, ақуыз-энергетикалық жетіспеушілік - 15,4%, артық салмақ - 2,8%, лор мүшелерінің аурулары - 7,9% және басқалары - 0,9%.

«Мемлекет басшысы балаларға ерекше көңіл бөлу керегін атап өтіп, 2022 жылды - Балалар жылы деп жариялады. 2021 жылдың басынан бері ҚР БҒМ қолдауымен «Бөбек» орталығында жетім балалар, экологиялық қолайсыз аймақтардан, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 1 320 бала оңалтудан өтті»

, - дейді ҚР БҒМ «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры Баян Файзуллина.

Сауықтыру курсы - 22 күн. «Балаларды сауықтыру, оңалту және олардың демалысын ұйымдастыру» мемлекеттік бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. Балаларды іріктеуді жергілікті жерлердегі білім беру ұйымдары жүргізеді.

Сауықтыру кешенінде балалар денсаулығын жақсартып қана қоймай, сонымен бірге мектеп бағдарламасына сәйкес оқуын да жалғастырады. Оқудан және емделуден бос уақытта көрікті жерлерді аралайды.

Бұдан бұрын 62 мыңнан астам баланың ата-анасы санаторий-курорттық ем-домға мемлекет есебінен бірге баруы мүмкін деп хабарланған болатын.



Соңғы жаңалықтар