Жыл басынан бері Ақтөбеде 39 есірткі қылмысы анықталған

АҚТӨБЕ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері ақтөбелік полицейлер есірткілік заттарды сақтаумен байланысты 44 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған, деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

 «Қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге байланысты әкімшілік тәжірибе нашақорлықтың алдын алудың тиімді шараларының бірі болып табылады», - деп атап өтті ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиев.

Анықталған құқық бұзушылықтардың арасында 37 материалды сот қарастырды, бұл ретте 17 адамға жалпы сомасы 93 мың теңгеге айыппұл салынды, 22 адам 10-нан 45 тәулікке дейін қамауға алынды.

Мысалы, 21 ақпан күні Мартұқ кентіндегі жедел-іздестіру шараларының барысында жергілікті 33 жастағы азамат ұсталды. Жеке тексеру барысында одан шамамен 900 грамм марихуана анықталып, тәркіленді.

Аталған фактімен әкімшілік материал құрылып, ұсталған азамат сот қаулысымен 15 тәулікке қамауға алынды.

Полиция қызметкерлері барлығы 39 есірткі қылмысын анықтаған, олардың ішінде 30 факті есірткі сатумен байланысты. Заңсыз айналымнан 3 келі 825 грамм есірткілік зат алынды, олардың 1 келі 265 грамы - героин.

Соңғы жаңалықтар