Жылу берудегі проблемаға байланысты Теміртау мектептері онлайнға көшірілді

None
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Теміртау қаласында жылу берудегі проблемаға байланысты 19 мектеп қашықтан оқуға көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаланың негізгі жылу көзі – ЖЭО-2 норма бойынша кесте бойынша 85 градус жылу беруі тиіс, алайда қазіргі уақытта ол 67 градус беріп отыр. Белгілі болғандай, нормаға сай жұмыс істеуі тиіс 5 қазандықтың тек 4-і қаланы жылытып тұр.

«Бүгін сағат 7.15-те ЖЭО-2-де №5 қазандық іске қосылды, ол желіге шамамен 12.00-де жалғанады. Бұл салқындатқыштың температурасын қажетті параметрлерге дейін көтеруге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта ЖЭО-2 төрт қазандық, үш турбогенератор режимінде жұмыс істеп тұр», - деп түсіндірді «АрселорМиттал Теміртау» баспасөз қызметінен.

Компания 5-қазандықтың жұмыс істемеу себебін әлі айтқан жоқ.

Қала әкімдігінен хабарлағандай, жақын арада мектеп сабақтары штатты режимге қайта ауыстырылады.

«Мектептердегі орташа температура норма шегінде белгіленгеннен кейін (бүгін-ертең) мектептер штаттық оқу режиміне оралады», - деп түсіндірді әкімдік.

Әзірге, бүгін 19 мектептің екінші ауысым оқушылары онлайнға көшірілді. Қала билігі түсіндіргендей, оқу ұйымдарында температура төмендеп кеткен.

«Температуралық режимнің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты,»АрселорМиттал Теміртау«АҚ қарасты ЖЭО-2 жылу берудің температуралық кестесін сақтамау салдарынан 16 қаңтарда сабақтар келесі білім беру ұйымдарында қашықтан оқыту форматына ауыстырылады: №2,4,5,6,8,9,10,11 және №14 әйелдер гимназиясы, Ә. Бөкейхан атындағы гимназия, №16,17,19, БТКЛ,20,21,22, 23,24, 27 және №1 гимназия.

Қалған № 1,3,7,12 мектептер мен Ақтау кентіндегі 28,29,32 мектептер штаттық режимде оқып жатыр», - деп хабарлады Теміртау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.


Фото: Теміртау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар
telegram