01:15, 21 Қаңтар 2026 | GMT +5
«Zn (мырыш)» коллекциялық монеталары сатылымға шығарылды
АСТАНА. KAZINFORM — «Zn (мырыш)» коллекциялық монеталары сатылымға шығарылды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстанның жер қойнауы» сериясынан «Zn (мырыш)» коллекциялық монеталары 20 қаңтарда Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатыла бастайды.
925 сынамалы күмістен соғылған монетаның мырыш қондырмасы бар.
Монетаның массасы 32,5 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – black-proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 2 000 (екі мың) дана.
Айта кетелік ақбөкен, арқар, сұңқар бейнеленген жаңа монеталар айналымға шығатыны туралы жазған едік.