Аида Галымовна Балаева

Аида Галымовна Балаева

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі
Туған күні
04 Шілде, 1974
51 жас
Туған жері
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылы, Қазақстан
Отбасы жағдайы
тұрмыста Джусупов Адильбек Уралович
Туыстық байланыс
Динмухаммед (ұлы)
Аскар (ұлы)
Асель (қызы)
Раиса Рахымжанкызы (анасы)
Тіл білуі
Орысша, Қазақша
Еңбек жолы

Еңбек өтілі

– Алматы облысының Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы қызметін атқарды (1999–2002 жж.).

– Алматы қаласының Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында қоғамдық-саяси үдерістерді талдау және үйлестіру бөлімінің бастығы болды (2002–2004 жж.).

– Алматы қаласының Ақпарат басқармасында талдау және болжау бөлімінің бастығы қызметін атқарды (2004 ж.).

– Алматы қаласының Ақпарат басқармасы басшысының орынбасары болды (2004–2005 жж.).

– Алматы қаласы Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды (2005–2006 жж.).

– Алматы қаласы Ішкі саясат департаментінің директоры болды (2006–2008 жж.).

– Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының бастығы қызметін атқарды (2008–2010 жж.).

– Астана қаласы әкімінің орынбасары болды (2010–2014 жж.).

– Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды (2014–2019 жж.).

– Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісі болды (2019–2020 жж.).

– Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметін атқарды (2020–2022 жж.).

– Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болды (2022–2023 жж.).

– Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болды (02.09.2023 – 01.12.2025).

– Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі қызметін атқарады (01.12.2025 ж. бастап).

Білімі

– Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдады, мамандығы – орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі (2000 ж.).

– Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірді, мамандығы – заңгер (2007 ж.).

Марапаттары

– «Парасат» ордені (2016 ж.)
– «Құрмет» ордені (2010 ж.)
– «Достық» ордені (Өзбекстан) (2024 ж.)