Арман Абайұлы Шаққалиев
Сауда және интеграция министрі
Өмірбаяны
Еңбек жолын Астана және Ақмола облысы бойынша «Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі» ашық акционерлік қоғамында заң кеңесшісі (1998 ж)
ҚР Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігінде, Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігінде, Мемлекеттік кірістер министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеген (2001-2004 жж)
«Қазақстан метрология институты» РМК директоры (2004-2006 жж)
Мемлекеттік кірістер министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары (2006-2007 жж)
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры (2007-2008 жж)
«Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры (2008-2016 жж)
Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры (2016-2018 жж)
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы (2018 ж)
ҚР Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі, ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі (2020-2022 жж)
ҚР Сауда және интеграция министрінің бірінші орынбасары (2022 ж. қарашадан бастап)
ҚР Сауда және интеграция министрі (2023 ж. 2 қыркүйек)
Білімі
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті
Мамандық: «Стандарттау, сертификаттау және метрология»
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Мамандық: «Заңгер»
Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Мамандық: «Экономист»
Марапаттары
«Құрмет» ордені (16.12.2021)
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі (2011)
«Еуразиялық экономикалық одақты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі (29.05.2019)
«Жыл патриоты» сыйлығы, ведомстволық марапаттар (12.2019)
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық кеңестің «Ерен еңбегі үшін» құрмет белгісі
Ірі көтерме базарларда «ұйымдасқан топтар» заңсыз әрекет етеді — Премьер-министр
«Қорғас» және «Алашанькоу» шекаралық тораптарын жаңғырту бойынша келісімдер жасалды
Мемлекет басшысы отандық өндірістің өсуіне қолайлы жағдай жасауды тапсырды
«Қазақстан – Пәкістан» бизнес-форумында құны 200 млн долларға жуық 32 коммерциялық құжатқа қол қойылды
Қазақстан мен Пәкістан тауар айналымын 1 млрд долларға жеткізуге ниетті