Орман өрті: Түркияда 50 мыңнан астам адам эвакуацияланды

АСТАНА. KAZINFORM – Хатай, Биледжик және Измир провинцияларындағы орман өртіне байланысты Түркияның 50 мыңнан астам тұрғыны қауіпсіз аймақтарға уақытша көшірілді. Бұл туралы бүгін Түркия ішкі істер министрі Али Ерликая мәлімдеді, деп хабарлайды AZƏRTAC.

Орман өрті: Түркияда 50 мыңнан астам адам эвакуацияланды
Фото: Аzertag

Түркия ІІМ-не қарасты Төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) зардап шеккен тұрғындардың алғашқы қажеттіліктеріне 60 миллион лира бөлінгенін хабарлаған.

Өртті сөндіруге мыңдаған адам, сондай-ақ ұшақтар мен тікұшақтар жұмылдырылған.

Прокуратура өрттің шығу себептерін тергеп жатыр. Қамауға алынғандар бар.

Бұған дейін Түркияның солтүстік-батысында бірнеше күннің ішінде 150-ден астам өрт шығып, жүздеген адам қауіпсіз жерге көшірілгенін жаздық.

Соңғы жаңалықтар