Өскеменде былтыр қараша айынан бері жартылай жабылған Понтон көпірі ашылды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскемен қаласында жартылай жабылған Понтон көпірінде кәріз коллекторындағы ұзаққа созылған жөндеу жұмыстары аяқталды. 

Өскеменде былтыр қараша айынан бері жартылай жабылған Понтон көпірі ашылды
Фото: Өскемен қаласы тұрғындарынан

Понтон көпірі — қаладағы Ертіс өзені арқылы өтетін екі ғана көпірдің бірі. Оның біршама уақыт жартылай жабық тұруы тұрғындардың наразылығын туғызған еді. Бұған көпір астымен өтетін апатты жағдайдағы кәріз коллекторын ауыстыру жұмыстары себеп болған.

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов бұл жұмыстардың мамыр айының соңына дейін толық аяқталатынын айтқан еді. 

— Әкімнің көпірді мамыр айының соңында ашу туралы тапсырма тапсырмасы орындалды. Бүгінгі таңда кәріз коллекторының екі желісі толық ауыстырылып, жаңартылды. Сондай-ақ, қосылыс бөліктерін дәнекерлеу, айналасындағы аумақты абаттандыру және жарықтандыру жүйесін орнату жұмыстары басталды, — деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, осыған дейін Өскемендегі Понтон көпірі мамыр айының соңына дейін ашылуы тиістігі жайлы  жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар