Трамп Үндістанға қатысты тарифтерді «айтарлықтай» арттыруды жоспарлап отыр
ВАШИНГТОН. KAZINFORM – АҚШ Президенті Дональд Трамп Үндістанға қатысты тарифтерді «айтарлықтай» арттыру ниеті барын мәлімдеді. Ол Нью-Делиді Ресейден мұнай сатып алып, оны жоғары бағамен қайта сатты деп айыптады. Бұл туралы Анадолы жазды.

Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында Трамп Үндістанның Ресейден көп мөлшерде мұнай сатып алып қана қоймай, оның бір бөлігін ашық нарықта үлкен үстемемен қайта сатып жатқанын айтты.
– Сондықтан мен Үндістан АҚШ-қа төлейтін кедендік баж салығын айтарлықтай арттырамын, – деп жазды АҚШ президенті.
Ол сонымен қатар Үндістанды «Ресей Украина аумағында қанша адамды өлтіргеніне алаңдамайды» деп айыптады.
Бұған дейін, өткен аптада Трамп Үндістан мен Қытайды Ресей энергиясының ең ірі импорттаушылары деп атап, 1 тамыздан бастап Үндістанға 25 пайыздық тариф енгізілетінін мәлімдеген болатын.
Айта кетейік, бұған дейін Трамп Медведевтің мәлімдемесінен кейін атомдық сүңгуір қайықтарды орналастыруды бұйырғанын жаздық.
Сондай-ақ, АҚШ тарифтері ЕО фармацевтикасына қауіп төндіріп отыр.