17:42, 22 Қараша 2019
Жамбылдық шаруалар Жамбылдық шаруалар мал қыстатуға 1 млн 700 мың тоннаға жуық шөп жинады ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық шаруалар қыс мезгіліне сақадай-сай әзір, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жамбыл облысында биыл мал қыстауларында 888,6 мың бас мал қыстатылады деп жоспарлануда. Жалпы, облыста 5 862 мал қыстауы болса, оның 1 020-сы шалғайдағы жайылымдарда, құмды аймақтарда орналасқан. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, қыстаулардағы малшыларға арналған 5 564 тұрғын үй, 2 184 қотан-қашар, 936 баз толық жөндеуден өткізілген. Сонымен бірге, дайындалған шөптің басым бөлігі сол қыстаулардың қасына жиналды. «Жылдағы үрдістен жаңылмай келе жатқан өңірдің ауыл шаруашылығы құрлымдары биыл да ерте бастан-ақ қыс қамына кіріскені белгілі. Жалпы, өткен жаз шаруалар үшін өте қолайлы болғандықтан, шабындықтарда табиғи шөп мол болып, мал азығын дайындау науқаны ойдағыдай өткен болатын. Өңірде мал қыстатуды қалыпты өткізу үшін биыл 1 миллион 592 мың тонна пішен дайындау қажет болса, облыстағы