Абылайхан Жұбаназар дзюдодан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ұлттық құраманың қоржынына екінші қола медальді салды.

Фото: ҚР ҰОК

Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Абылайхан қола медаль үшін өткен белдесуде БАӘ өкілі Гаджимурад Омаровты айқын басымдықпен жеңді.

Айта кетейік, дәл осы салмақта Әділет Алмат алтын жүлде үшін белдеседі. Ал бұған дейін Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін) қола медаль алған еді.

Қазақстандық теннисші, 16 жастағы Даниель Юрекли Душанбе қаласында мәресіне жеткен ITF World Tennis Tour Juniors (J30) турнирінде табысты өнер көрсетті.