«Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласындағы жағдай тұрақты, толықтай бақылауда. Құқық қорғау органдары қала аумағында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде», деді ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.
Полиция арнайы қызметтермен бірлесе отырып, қалған 6 қылмыскерді іздестіру бойынша кешенді шаралар жүргізуде.
«Ұлттық аза тұту күні Ішкі істер министрлігінде, ішкі істер органдары барлық бөліністерінің, оқу орындары мен басқа да мекемелерінің ғимараттарында мемлекеттік тулар төмен түсірілген. Жеке құраммен аза тұту күніне орай іс-шаралар өтуде», деді министрліктің ресми өкілі.