Темір ауданы Жамбыл ауылының тұрғыны «LTM» мотоциклімен келе жатып, рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.
«Рульге отырған адамның мотоциклді басқаруға құқығы жоқ екендігі анықталды. Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Полиция департаменті көлік жүргізушілеріне жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, Ақтөбе-Атырау тасжолының Алға ауданы Тамды ауылы маңында «УАЗ-патриот» автокөлігінің жүргізушісі қарсы келе жатқан көліктерге кедергі келтірмейтініне көз жеткізбей басып озып, «Lada - Largus» көлігімен соқтығысқан.
Салдарынан екі адам көз жұмды.
Сондай-ақ Батыс Қытай - Батыс Еуропа халықаралық дәлізінде «SHACMAN» автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісі Мәртөк ауданынан Ақтөбе қаласына қарай келе жатып, рульге ие бола алмай жолдың қарсы бағытына шығып кетті . Екі жүргізуші де көз жұмды.