Ақтөбеде 2 жүк көлігі соқтығысып, екі адам көз жұмды

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Батыс Қытай - Батыс Еуропа халықаралық дәлізінде екі жүк көлігі соқтығысты. Оқиға орнында екі жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 9 қазан күні болды. «SHACMAN» автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісі Мәртөк ауданынан​ Ақтөбе қаласына қарай келе жатып,​ рульге ие бола алмай қалды. Салдарынан жолдың қарсы бағытына шығып кетті.

«Көлік Ақтөбе қаласының 35 жастағы тұрғынының басқаруындағы «SHACMAN« автокөлігімен соқтығысқан.​ Апат салдарынан екі жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды. Ақтөбе облысының полицейлері​ қозғалыстың қауіпсіз жылдамдығын таңдап, қарсы​ жолаққа шыққан кезде шұғыл маневрден аулақ болуға шақырады»,- деді облыстық ПД баспасөз кызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ақтөбе-Атырау тасжолының Алға ауданы Тамды ауылы маңында «УАЗ-патриот» автокөлігінің жүргізушісі қарсы келе жатқан көліктерге кедергі келтірмейтініне көз жеткізбей басып озып, «Lada - Largus» көлігімен соқтығысқан. Жолдың бұл бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және ол туралы белгілер мен қоршаулар орнатылған.​

Айта кетейік, биыл өңірде 374 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 74 адам көз жұмса, оның 10-ы – кәмелет жасқа толмаған балалар. Түрлі жарақат алғандар саны 500-ден асады.


Фото: t.me/POLICE_of_KZ




Соңғы жаңалықтар