Алдын ала мәлімет бойынша, бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжал болған.
Десе де, полиция бұған дейін аталған тұлғалардың арасында тұрмыстық жанжал болғаны туралы ешбір арыз-шағым мен хабарламалар түспегенін айтады.
Күдікті 1995 жылы ал жәбірленуші 2000 жылы туған екені белігілі болды. Адам өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде ауылдасын пышақтап өлтірді деп айыпталған студент сотталған болатын.