Ақтөбеде бүтін бір ауыл тұрғындары газ беріледі деп жылусыз қалды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Мұғалжар ауданы Қожасай ауылына газ құбыры тартылып, биыл қосылуы тиіс еді. Алайда үйдегі пешін бұзып, көгілдір отынға қосылуға дайындалған тұрғындар күздің суығында тоңып отыр.

Фото: Видеодан скрин

Мұғалжар ауданы Қожасай ауылының тұрғындары қарашаның суығында тоңып отырғанын айтып, көмек сұрады.

— Ауылымызға газ құбыры тартылып, техникалық жұмыстардың аяқталғанына қарамастан әлі күнге дейін іске қосылмады. Ауыл тұрғындары үшін қыс қиын өтеді. Отын мен көмір бағасы қарт адамдар мен көпбалалы отбасыларға ауыр салмақ түсіреді. Газ жүйесі тартылып, наурыз айында қосылады деген. Бірақ қараша айы болды, әлі шешімін таппады. Бізге нақты қай уақытта қосылатыны туралы ақпарат керек, — деп айтты тұрғындар.

Айта кетейік, Ақтөбеден Қостанайға жаңа газ магистралы тартылуы мүмкін. «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытын салу жобасы қандай сатыда екенін айтты