Самара-Шымкент тасжолындағы оқиға бүгін сағат 15:50-де тіркелді. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, «Жазық» теміржол өткелінде бірнеше жеңіл көлік тиеген жүк көлігінің жүргізушісі пойызбен соқтығысты.
Жүк тиеген көлікте барлығы 4 жеңіл көлік болған. Оның төртеуі жарамсыз күйге түссе, өзгесі бүлінбеген.
Еске салсақ, Ақтөбедегі демалыс базасында қарда жүретін көлік руліне мектеп оқушысы отырып, ол бірнеше адамды қағып кетті. Салдарынан 40 жастағы әйел көз жұмды. Ал 49 жастағы ер адам мен кәмелетке толмаған бес бала, оның ішінде бір жасар бала медициналық мекемеге жатқызылды. Аталған факті бойынша Ақтөбе облысы полиция департаменті тексеру жүргізді. Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, рульде отырған мектеп оқушысы болып шықты.