Әлем чемпионы, аса ауыр салмақта басты фаворит саналатын Айбек Оралбай әлем кубогының 1/4 финалында Англия өкілі Мэтью Уильямспен жұдырықтасты.
Отандасымыз жекпе-жек бойы белсенді қимылдап, ауыр-ауыр соққыларын дарытумен болды. Англия боксшысы осы айқаста тек соққыға шыдауымен ғана ерекшелене алды. Қорытынды есеп: 5:0.
Бұған дейін Аида Әбікеева жартылай финалға өткен болатын.
70 келіде ең тәжірибелі боксшы саналатын Абылайхан Жүсіпов ширек финалда Шавкатжон Болтаевпен (Өзбекстан) жолы түйісіп, қарсыласын жеңді.
2 дүркін әлем чемпионы, 50 келідегі Санжар Тәшкенбай ширек финалда Қырғызстан өкілі Анваржан Ходжиевпен жұдырықтасып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Тимур Нұрсейітов медаль үшін таласта есе жіберді.
Алуа Балқыбекова жарысты аяқтады.
2 дүркін әлем чемпионы, 51 келідегі Алуа Балқыбекова ширек финалда төменгі салмақтан көтерілген Минакшимен (Үндістан) шеберлік байқасты. Өте жоғарғы қарқында өткен жекпе-жекте төрешілер 5:0 есебімен қарсыласты жеңімпаз деп таныды.