«Алматы-Көкпек-Көктал автожолымен жүретін маршруттық автобустың кондукторы салоннан құлап қалғаны анықталды. Оқиға салдарынан әйел сол жерде көз жұмды. Бұл факт полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда газельге соқтығысқан мопед жүргізушісі қайтыс болғанын жазғанбыз.
Өткен аптада Алматы маңында автобус көпірден көліктің үстіне құлаған болатын.