Алматы облысында парашютші ұшақтан секіріп, дауыс беру учаскесіне түсті

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысында запастағы офицер, парашюттік дайындық бөлімінің командирі Тимофей Меркелов сайлау учаскесіне ерекше тәсілмен барды.

Фото: Алматы облысы ӨКҚ

Ол парашютпен секіріп, дауыс беру орнына дәл қонды. Іле ауданының тұрғындары спортшының ұшақтан жерге түскен сәтін қызыға тамашалады.

Фото: Алматы облысы ӨКҚ

- Халықтың авиация мен парашют спортына қызығушылығы жоғары. Сондықтан сайлау күні парашютпен секіруді ұйғардық. Осы арқылы авиация мен парашют спортына, сондай-ақ ел үшін маңызды оқиға – Құрылтай сайлауына көпшілік назарын аударғымыз келді. Мен үшін дауыс беру – аспанда қабылданатын әрбір шешіммен тең жауапты міндет әрі азаматтық борыш, – деді Тимофей Меркулов.

Еске салайық, Алматыда Құрылтай есімді екі тұрғын дауыс беруге келді.

Еліміз бойынша 10 363 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр. Сайлаушылар тізіміне 12 605 788 адам енгізілген.

Құрылтай сайлауының хроникасын осы сілтемеден оқи аласыздар.