Әмір Омарханов Тунистегі турнирдің қатарынан екінші рет финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, әлемнің 771-ракеткасы, 18 жастағы Әмір Омарханов Монастир (Тунис) ITF M15 турнирінің финалына жолдама алды.

Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 839-сатыдағы германиялық Лука Виденманмен шеберлік байқасты.

Әмір өткен аптада Монастирдегі осындай жарыстың жартылай финалында Л.Виденманнан6:4, 6:1 есебімен басым түскен еді.

Бұл жолы бәсеке әлдеқайда тартысты өтіп, үш сетке созылды. Әмір Омарханов камбэк жасап, қарсыласын 4:6, 7:5, 7:6 (8:6) есебімен жеңді. 

Ә.Омарханов финалда әлемнің 382-ракеткасы, түркиялық Мерт Алкаямен чемпиондық атақты сарапқа салады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Әмір Омархановтың Тунистегі жарыстың жартылай финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Шевченко Майами мастерс турнирінің екінші айналымына шықты.

Майами мастерс турнирінде Путинцеваны жеңген Рыбакина үшінші айналымға өтті