Астана әкімі Жеңіс Қасымбек референдумда өз таңдауын жасады

АСТАНА. KAZINFORM –  Астана әкімі Жеңіс Қасымбек АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс берді. 

Фото: instagram.com/jenis_qasymbek

«Таңертең № 211 сайлау учаскесіне барып, дауыс бердім. Қалада 460 сайлау учаскесі ашылды. Тұрғындар дауыс беру үшін өз учаскелерін ресми веб-қызметTelegram чат-боты, IKomek бірыңғай байланыс орталығының 109 нөмірі, «Smart Astana» мобильді қосымшасының «New» бөлімінде — «Референдум учаскесін іздеу» арқылы біле алады. Бүгін сайлау учаскелерінде еңбек етіп жүргендердің бәріне алғыс білдіремін!», - деді ол Instagram парақшасында қалдырған жазбасында. 

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС бойынша референдумда дауыс бергенін жазған болатынбыз.

БАҚ өкілдерімен шағын сұхаты барысында Мемлекет басшысы Үкімет жұмысына баға берді.

Сондай-ақ тілшілер сұрағына орай, ұстаздардың қоғамдық мәртебесі міндетті түрде көтерілетінін айтты.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин АЭС салуға қатысы референдумда елордадағы №164 дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасады.

Үкімет басшысы өз таңдауын жасады.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев АЭС салуға қатысты референдумда елордадағы №164 учаскеде дауыс берді.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов елордадағы №163 референдум учаскесінде дауыс берді.

Еске салсақ, Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров елдің барлық өңірінде Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум басталғанын ресми мәлім етті.