В тобының соңғы матчында қазақстандықтар Филиппинге қарсы ойнады.
Алғашқы төрт кезеңде, отандастарымыз қарсыластарынан 8:0 есебімен артта қалды. Үзілістен кейін, отандастарымыз жарыс жағдайын өзгерте алған жоқ. Қортынды есеп – 11:2.
Осылайша, В тобында Қытай құрамасы 5 матчтың барлығында жеңіске жетті. Ал Филиппин құрамасы екінші орынмен, Корея құрамасы үшінші орынмен келесі кезеңге өтті.
Сондай-ақ А тобында Жапония, Гонконг және Тайбэй командасы келесі кезеңге жолдама алды.
Енді Қазақстан құрамасы 8 ақпаннан бастап командалық топтық кезеңде өнер көрсетеді.
Қазақстан құрамасының спортшылары:
Әйелдер: Ангелина Эбауэр, Тилсимай Аллиярова, Екатерина Колыхалова, Мерей Тастемір, Регина Эбауэр.
Ерлер: Абылайхан Жүзбай, Айдос Аллияр, Әділ Жұмағожа, Ермек Мұсаинов, Арман Ержанов.
Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстан құрамасы аралас жұп бәсекесінде 5:11 есебімен Қытайға, 0:12 есебімен Кореяға жол беріп, 7:4 есебімен Қатарды және 12:5 есебімен Қырғызстанды жеңген болатын.