АСТАНА. KAZINFORM – Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Ұлжан Сәрсенбек жартылай финалға өтті.Спорттық жолында жастар арасында Азия және әлем чемпионы атанып үлгерген қазақстандық боксшы 57 келіге дейінгі салмақта вьетнамдық Тран Нгуенмен рингке шықты.
Ұлжан қарсыласын бірден соққының астына алды – 5:0. Екінші раундта рефери нокдаунға есеп ашты. Қорытынды есеп – 5:0.
Осылайша, қарсыласын айқын басымдылықпен ұтқан жас боксшы жартылай финалға өтіп, жүлдегерлер қатарына қосылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында Оразбек Асылқұловтың шаршы алаң иесін қапы қалдырғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Ерасыл Жақпеков жартылай финалға өтті.
Жазира Орақбаева бірінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).