– 26 қарашаға қараған түні Алматы қаласында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына қолайлы метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Қарағанды облысында экологиялық ахуал күрделі. Аймақта ауаға 293,7 мың тонна зиянды зат тараған.
Ал әлеуметтік желіде Оралда Хан тоғайында оталған ағаштардың өртеніп жатқаны туралы ақпарат тарады. Өңірдегі тілшіміз бұл мәселенің анық-қанығын нақтылады.
Сондай-ақ СҚО-да екі жылда 250-ден астам экологиялық заң бұзу анықталғанын, оның негізгі проблемалары қандай екенін жаздық.