– 9 мамырда Алматы және Талдықорған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, жуырда Қарағанды облысындағы Топар МАЭС-іне атмосфераға шығарылған зиянды заттар үшін айыппұл салынды.
Ал көлікті қыста қыздыруға қойылатын талапқа қатысты ІІМ жауабын осы жерден оқи аласыз.