19 қазанда Ақтөбе, Алматы, түнде Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, бүгін еліміздің 17 облысы мен Астана қаласында ауа райына қатысты ескерту жарияланды.
Бұған дейін Қанат Бозымбаев Атырау экологиясына қатысты бір айда нақты шешім қабылдауды тапсырды.
Ал Алматыда 2040 жылға дейін экологияға әсер ететін 276 кәсіпорын қаладан шығарылады.