– 14 қыркүйекте Алматы, Ақтөбе, Атырау, түнде Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Өскемен қаласында ауаға тараған үш зиянды заттың мөлшері шекті деңгейден асып кеткені анықталды.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында экологиялық заңнама талаптарын бұзған әкімдер жауапқа тартылды.
Ал Қарағанды облысында экологиялық заң бұзушылықтарға 57 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Жалпы, ағаштардың қаланы қалай қорғайтынын, яғни жасыл желектің бес пайдасын мына жерден оқи аласыз.