Бүгін қай қалаларда ауа сапасының нашарлайтыны белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Фото: Kazinform

– 14 тамызда Алматы, түнде Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Қарағанды облысында экологиялық заңнама талаптарын бұзған кәсіпорынға 8,65 млн теңге айыппұл салынды. 

Ал жуырда Павлодарда ЖЭО мұржасынан будақтаған қара түтін жұртты шошытқанын жаздық.

Сондай-ақ Маңғыстауда Жетібай ауылы маңындағы қоқыс полигоны екі күннен бері тұтанып жатыр.

Ал Атырауда экологиялық тексерісті парамен шешпек болған басшы 270 млн теңге айыппұл арқалады.