АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласында теннистен Дэвис кубогы аясында плей-офф матчында Қазақстан құрамасы Пәкістанды ұтты.
Фото: ҚТФ
Бүгін жұптық сында Александр Шевченко — Тимофей Скатов жұбы Акел Хан — Музамиль Муртазамен кортқа шықты.
Фото: ҚТФ
Бірінші партияда есеп 3:3 болған мезетте қазақстандық жұп брейк жасап, сол басымдылықты сақтап қалды — 6:4.
Екінші сетте де корт иелері 3:1 есебімен алға кетті. Есеп 5:4 болғанда, матчқа доп бергенімен, сол мүмкіндікті пайдалана алмады. Дегенмен тай-брейкте есе жіберген жоқ — 7:6 (7:1). Тартысты бәсеке 1 сағат 45 минутқа созылды.
Осылайша, есеп 3:0 болып, Қазақстан құрамасы жеңіске жетті.
Фото: ҚТФ
Қалған ойын нәтижесі ештеңені шешпейді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дэвис кубогында Пәкістанмен матчта Бейбіт Жұқаевтың есепті 2:0-ге жеткізгенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Михаил Кукушкин Роттердам турнирінің іріктеу жарысын жеңіспен бастады.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).