ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Еуропа мен Орталық Азия елдерінің экономикалық дамуына талдау жасалған «Жаһандық экономикалық перспективалар» атты Дүниежүзілік банктің баяндамасы жарияланды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Дүниежүзілік банк экономистерінің бағалауына сай, былтыр Өзбекстанның жалпы ішкі өнім көлемі 6%-ға өскен. Аталған ұйым 2025 жылы көршілес елдің экономикасы — 5,8%, ал 2026 жылы 5,9%-ға өсуі ықтимал екенін болжап отыр.
Еске салайық, былтыр Өзбекстанның жалпы ішкі өнім көлемі 115 млрд долларға жетті. Бұл ретте шетелдік инвестициялар көлемі 1,6 есе артып, 35 млрд долларды шамалады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу процесі аяқталуға жақын.
Сонымен қатар, биыл ресми Ташкент $43 млрд инвестицияны игеруді жоспарлап отыр.
Мұнымен бірге, былтыр Қазақстаннан Өзбекстанға 800 млн долларға жуық ақша аударылған.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.