Атпаның алғашқы күні Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Бақытжанұлы Хасенов ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
Дәл осы күні Айтқұрман Омарбеков Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды.
Ол Ресей Федерация Қорғаныс министрлігінің Әскери университетінде «Моральдық-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алған. Одан бөлек Еуразия гуманитарлық институтында «Юриспруденция» мамандығын тәмамдаған.
29 жылдық еңбек жолында ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», ІІІ дәрежелі «Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін» медальдарымен марапатталған.
Осы аптhttps://kaz.inform.kz/news/tzhm-apparatinin-basshisi-tagayindaldi-6d5d1e11ада ҚР Үкіметінің қаулысымен Айдар Төлетайұлы Жарылғанов Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі болып тағайындалды.
Ол 1978 жылы Абай облысы, Семей қаласында дүниеге келген. «Семей» мемлекеттік университетін, «Әділет» жоғары құқық мектебін бітірген.
5 - қазан күні Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Марғұлан Аманбаев министрлік аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Ол 1973 жылы Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының Дружба ауылында дүниеге келген. Жезқазған тау-кен технологиялық институтын және ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген. Төтенше жағдайлар саласында 26 жылдық еңбек өтілі бар.
Дәл осы күні Отандастар қорының президенті тағайындалды. Бұл қызметке Дәуренбек Ырысқали Рақымұлы орналасты.
Дипломатиялық мансабын 1993 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық басқармасының референті лауазымынан бастаған. Әр жылдары ҚР СІМ Орталық аппаратында, сондай-ақ ҚР Германия мен Швейцариядағы шетелдік мекемелерінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
2020-2021 жылдары ҚР Омбы қаласындағы (Ресей Федерациясы) Бас консулы лауазымын атқарған. 2021-2024 жылдары ҚР Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің Бонн қаласындағы бөлімшесінің кеңесші-уәкілі қызметін атқарған. 2024 жылы желтоқсаннан бастап ҚРСыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.
7-қазан күні Құрылтайдың экс-депутаты Татьяна Савельева Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Тиісті өкімге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Ал Абай облысында бұл күні Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа басшысы тағайындалды. Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен бұл қызметке Еркін Отарғалымұлы келді.
Ол азаматтық қорғау органдарындағы қызметін 2002 жылы бастады. Қызмет жылдарында мемлекеттік өрт бақылауы, ақпараттық-талдау жұмысы және төтенше жағдайлардың алдын алу салаларында түрлі лауазымдарды атқарды.
Қарағанды облысында облыстық құрылыс басқармасының басшысы ауысты. Бұл қызметке Мақсат Мұқашев келді.
Мемлекеттік қызметте 15 жылға жуық еңбек өтілі бар Мақсат Мұқашев бұған дейін экономикалық даму және көлік салаларында түрлі жауапты қызметтер атқарған. Оның еңбек жолындағы негізгі кезеңдер Қарағанды облысының әкімдігі жүйесіндегі жұмыспен және өңірлік көлік инфрақұрылымына жетекшілік етумен байланысты. Тағайындау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен келісілді.
5-қазан күні Ақмола облысының әкімі өкімімен Асхат Ахмедьянов Аршалы ауданының әкімі болып тағайындалды. Еңбек жолын Атбасар ауданының Новоалександров ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған.
Әр жылдары Атбасар ауданының Бастау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Покров және Макеев ауылдық округтерінің әкімі, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2023–2026 жылдары Зеренді ауданы әкімінің орынбасары болды. Ал 2026 жылғы ақпаннан Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын басқарды.
Павлодар облысында Қадиша Беготаева облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Ол 1969 жылы дүниеге келген. 1990 жылы Қарағанды кооперативтік институтын тәмамдаған соң еңбек жолын Железин аудандық тұтынушылар одағында бас бухгалтер, кейін бас бухгалтердің орынбасары қызметтерінен бастаған.
Солтүстік Қазақстан облысында Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына жаңа басшы келді. Бұл қызметке Жанат Сексенбаев орналасты.
Ол еңбек жолын Қазақ ұлттық музыка академиясында бастаған. Әр жылдары «Дегдар» гуманитарлық қорының бас координаторы, Астана ұлттық картиналар галереясы, Бейбітшілік және келісім сарайында концерттік қызметтің басшысы болып еңбек етті.
Сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында арнайы жобаларды ұйымдастыру және концерт бөлімінің басшысы, директордың орынбасары қызметтерін атқарды. Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы бас директорының орынбасары болды.
6-шы қазан, яғни сәрсенбі Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының әкімі болып Еркін Тұраров тағайындалды.
Жалпы еңбек өтілі – 18 жыл, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі өтілі 15 жылды құрайды. Еңбек жолын «Промстрой» ЖШС жобалау тобында сәулетші тағылымдамашы болып бастаған.
Дәл осы күні Қарағанды облысында ТЖД бастығы тағайындалды. Бұл қыметке Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Манарбек Қайыргелдіұлы Шапағатов келді.
Манарбек Шапағатов азаматтық қорғау органдарында 1992 жылдан бастап қызмет атқарады. Қызмет жылдары мемлекеттік өрт бақылау және қадағалау, өртке қарсы қызмет салаларында түрлі лауазымдарда еңбек еткен.
Павлодар облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасында да жаңа басшы.
Серік Абдоллаұлы Халелов 1974 жылы туған. Екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1991 жылы бастаған.
Әр жылдары Шығыс Қазақстан облысының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы-оқытушы, Олимпиадалық резервті даярлау орталығының басшысы, облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
Ал 2026 жылғы мамырдан бастап ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Астана» олимпиадалық даярлау орталығында спорт әдіскері болды.
7-қазан күні Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімі болып Берген Жұмкей тағайындалды.
Еңбек жолында Көкшетау қаласындағы «ХҚКО» ММ филиалының инспекторы, Шортанды ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, Шортанды кентінің әкімі, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшысы қызметтерін атқарған.
2018 жылы Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болды. Кейін Шортанды ауданы әкімінің аппаратына басшылық еткен. Ал 2021 жылғы тамыздан бастап Астрахан ауданының әкімі болып тағайындалғанға дейін Қосшы қаласы әкімінің орынбасары болған.
8-қазан күні Атырау облысы Құрманғазы ауданына жаңа әкім тағайындалды. Бұл қызметке Нұрсұлтан Бисембиев келді.
Нұрсұлтан Бисембиев есепші-аудитор және экономист мамандықтары бойынша білім алған. Облыс әкімдігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, жаңа әкімге халықты жұмыспен қамту, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, жылу беру науқанына дайындық, ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығын дамыту сынды міндеттер жүктелді.
9-шы қазан күні Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жаңа басшысы тағайындалды. ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының бұйрығымен бұл қызметке Сәкен Қасымов келді.
Сәкен Қасымов 1980 жылы Қызылорда облысында туылған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетін бітірген, есепші-экономист, заңгер.
Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласының қазынашылық басқармасында жетекші маман - жетекші қазынашысының міндетін атқарушы болып бастаған.
Ал апта соңында, яғни 10-шы қазан күні Қарулы Күштердің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы тағайындалды. Мемлекет басшысының өкімімен бұл қызметке Саят Исанов орналасты.
Айта кетейік, бұған дейін өткен аптадағы кадрлық тағайындаулар туралы жазғанбыз.