Еліміздегі апта ішіндегі кадрлық тағайындаулар

Фото: GOV.KZ

АСТАНА. KAZINFORM — Осы апта ішінде Қорғаныс министрлігінде, Ұлттық банкте және жергілікті атқаушы органдарында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. 

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының өкімімен Снежанна Валерьевна Имашева Қазақстан Республикасындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл — ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды

С. Имашева 1981 жылы 20 сәуірде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. М.Өтемісов Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек өтілі: «Нұр Отан» партиясынан VI шақырылымдағы Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі (24.03.2016 бастап), Жетінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (14.01.01.19.2021.2023), «АМАНАТ» партиясының партиялық тізімі бойынша сегізінші шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (28.03.2023 бастап).

Осы аптада Мемлекет басшысының өкімімен Бинұр Жәленов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды

Ол 2024 жылдан бастап ҚР Ұлттық банкі төрағасының кеңесшісі қызметін атқарып келді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өкімімен Алмаз Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

1970 жылғы 6 наурызда Қырғыз КСР Ыстықкөл облысының Пржевальск қ. 1970 жылғы 6 наурызда әскери қызметшілер отбасында дүниеге келген.

Ол 2022 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметінде болды.

Шығыс Қазақстан облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып Мұрат Құсайынов тағайындалды

М. Манарбекұлы 1969 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Қазақ политехникалық институтын тау-кен инженері мамандығы, 1996 жылы Лениногор орман колледжін техник-орманшы мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысының Аюда орман шаруашылығында бірінші разрядтағы жұмысшы болып бастады.

2015-2017 жылдары ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, 2017-2018 жылдары Ұлан ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды. 2018-2025 жылдары қайтадан ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болды.

2025 жылдан осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып қызмет етті.

Аптаның басында Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығымен Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы лауазымына Мәди Бекмағанбетов тағайындалды

Мәди Бекмағанбетов еңбек жолын білім беру ұйымдарында бастаған. Әр жылдары облыстық ішкі саясат басқармасында маман, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы лауазымдарында қызмет атқарған. 2020-2023 жылдар аралығында облыс әкімі аппаратында ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, бөлім басшысы болған.

2023 жылдан бүгінге дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына Алмас Әбілпатта тағайындалды.

Ол 1987 жылы дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде емдеу ісі мамандығы бойынша білім алған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің денсаулық сақтаудағы іскерлік әкімшілендіру магистрі.

2023 жылдан осы кезге дейін Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарып келді.

Бұл аптада Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына Төлеген Кенжебеков тағайындалды

Т. Кенжебеков 1986 жылы туған. Білімі жоғары. Жетісу мемлекеттік университетін «қазақ тілі мен әдебиеті», Құқық және экономика академиясын «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген. Жетісу мемлекеттік университетінде «мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Аптаның басында Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Азат Ізбасаров пленарлық отырыста ҚР Президентінің 2 наурыздағы № 1188 Жарлығымен тағайындалған судьяларды таныстырды

Бәйтерек аудандық сотының судьясы болып тағайындалған Жанар Теңлікқызы 1982 жылғы 14 наурызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Академик Жолдасбеков атындағы институтты тәмамдаған. Әр жылдары Ақмола облысы Целиноград аудандық сотында жетекші маман — сот отырысының хатшысы, Алматы облысы Талдықорған гарнизонының әскери сотында бас маман — сот отырысының хатшысы қызметтерін атқарған.

БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына судья болып келген Азамат Баяков 1990 жылғы 13 маусымда Қостанай қаласында туған. 2012 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, 2021 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы Сот төрелігі академиясын тәмамдаған. Бұдан бұрын Рудный қалалық сотында аға сот приставы қызметін атқарған.

БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қызметін атқаруға кіріскен Любовь Ақшолақова 1986 жылғы 31 желтоқсанда Шымкент қаласында өмір есігін ашқан. 2025 жылы ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот төрелігі академиясын аяқтаған. Ақмола облысы адвокаттар алқасының стажері, адвокаттың көмекшісі, кейін адвокаты болып қызмет атқарған.

Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты судьяларының қатарын толықтырған Айгүл Мәштиева 1981 жылғы 7 қаңтарда Астана қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Еуразия гуманитарлық институтын, 2024 жылы М.Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетін тәмамдаған. Әр жылдары Астана қаласы адвокаттар алқасының стажері, Астана қаласы полиция департаментінің заң бөлімінде жетекші маман, сондай-ақ адвокат болып қызмет атқарған.

Орал қалалық сотының жаңа судьясы Жәнібек Жармұхамбет 1993 жылғы 4 ақпанда Павлодар қаласында өмірге келген. Еуразия инновациялық университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Павлодар облысы бойынша Соттар әкімшісінде жетекші маман, Екібастұз қалалық прокуратурасында прокурор, Павлодар облыстық прокуратурасында прокурор қызметтерін атқарған.

Орал қалалық сотының судьясы Абадан Мамыров 1995 жылғы 5 маусымда Орал қаласында дүниеге келген. 2025 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары соты жанындағы Сот төрелігі академиясын бітірген. Еңбек жолын Орал қаласының № 2 сотында жетекші маман ретінде бастап, кейін Ақжайық аудандық сотында, Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотында, Орал қаласының № 2 сотында және Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында бас маман — сот отырысының хатшысы қызметтерін атқарған.

Орал қаласының № 2 сотына келген Руслан Шарипов 1986 жылғы 17 сәуірде СҚО-ның Жамбыл ауданында дүниеге келген. 2025 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары соты жанындағы Сот төрелігі академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын «Петропавл қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де мемлекеттік сатып алулар секторының бас маман-заңгері ретінде бастаған.

Орал қаласының № 2 сотының судьясы Мұрадым Тілепов 1988 жылғы 1 ақпанда Орал қаласында дүниеге келген. 2022 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы Сот төрелігі академиясын аяқтаған. Әр жылдары «БҚО әкімі аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, Абай облысы Семей қалалық сотының судьясы қызметтерін атқарған.

Осы аптада Виктор Кумыков «Тұран» клубының жаңа бас бапкері ретінде бекітілгені мәлім болды

Айта кетсек, Виктор Кумыкова жергілікті жанкүйерлерге қарағандылық «Шахтер» командасындағы жұмысымен танымал. Бұл маманның жетекішілігімен «Шахтер» 2011 және 2012 жылдары Қазақстан чемпионы атанса, 2013 жылы Қазақстан Суперкубогын, 2013 жылы Қазақстан Кубогын жеңіп алған. Сондай-ақ Кумыковпен қарағандылық команда Қазақстанның футбол тарихында тұңғыш рет Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шықты.