— 4 қарашада Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Алматы, Астана, түнде Атырау қалаларында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұған дейін Бангкок қаласында Каспий теңізінің экологиялық жағдайы талқыланды.
Айта кетейік, Екібастұзда экологиялық талаптарды бұзған кәсіпорын 70 млн теңгеге жуық айыппұл төледі.
Ал Шығыс Қазақстан облысында экологиялық тексеруден соң 12 ауылдық округ әкімі жазаланған болатын.