Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды елорда әуежайынан шығарып салды.
Еске сала кетейік, 5-7 қараша күндері Мемлекет басшысының шақыруымен елімізге Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның ресми сапары өтті.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев барлық бағытта оң динамика көрсетіп келе жатқан қазақ-тәжік қарым-қатынасының даму деңгейін жоғары бағалаған еді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Тәжікстанның ең ірі сауда серіктестерінің үштігіне енгенін мәлім етті.
Сондай-ақ Эмомали Рахмон Қазақстанмен сауда көлемі бір жылда 26 пайызға өскенін айтты.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президентін Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады.
Қазақстан мен Тәжікстан сауда айналымын арттыру, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, цифрландыру және ЖИ салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтеді. Ақордада өткен жоғары деңгейдегі келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің ресми делегациялары үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейде 14 құжатқа қол қойды.
Қазақстан мен Тәжікстан тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жол картасын қабылдады.
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы авто және теміржол арқылы жүк транзитінің көлемі былтыр 7 миллион тоннаға жуықтады.
Сондай-ақ Қазақстан Тәжікстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне кандидатурасын қолдайтынын жеткізді.
Бүгін Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астанадағы Анатолий Храпатый көшесінде орналасқан Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашты.