«Қазақстанның болашағы үшін дауыс бердім. Қалған сұрақтарды референдумнан кейін қарастырайық», - деді министр.
Алмасадам Сәтқалиев осы референдум бойынша үлкен жұмыс жүргізілігенін атап өтті.
«Бір жыл бойы өңірлерге сапарлар ұйымдастырылды. Министрлік тарапынан эксперттік қолдау қамтамасыз етілді. Енді нәтижесін күтуді сұраймын», - деді ол.
Еске салайық, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумда дауыс береді.
Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров елдің барлық өңірінде Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум басталғанын ресми мәлім етті.
Бұған дейін хабарланғанындай, Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласындағы Оқушылар сарайында орналасқан №61 учаскеде дауыс берді.
1 шілдедегі жағдай бойынша ел көлемінде 12 176 968 адам референдумда дауыс беруге хақылы.