Ердоған Қазақстан үстінен ұшып бара жатып, Тоқаевқа жылы лебізін жолдады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға Қазақстан халқына жолдаған тілегі үшін алғыс айтты.

Фото: Ақорда

ҚР Президентінің кеңесшісі — Баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың ресми telegram-каналында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғаннан жеделхат келіп түскенін айтты.

Еске сала кетейік, 28 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Түркияға барды. Мемлекет басшысын Анкара қаласындағы Этимесгут әуежайынан Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған күтіп алды.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Қос ел Мемлекет басшылары келіссөз жүргізіп, Президент қонақжайлық танытқаны үшін Түркия Президентіне алғыс айтып, әріптесі мен барша түрік халқын ұлттық мереке — Республика күнімен құттықтады. Өз кезегінде Режеп Тайип Ердоған екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдете түсуге ниетті екенін растады.

Сонымен қатар Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысу үшін «Кулие» сарайына барып, сөз сөйлеген болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына сапары 30 қазанда аяқталды.