Ертең Астанада жылыту маусымы аяқталады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада жылыту маусымы аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауа райының қолайлығына байланысты 27 сәуірден бастап жылуды кезең-кезеңімен өшіру туралы шешім қабылданды», - делінген қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, талапқа сәйкес, бес күн қатарынан 10 градус температура сақталған жағдайда тұрғын үйлер жылудан ажыратылады.

Бұған дейін жылыту маусымы Қостанай, Петропав және Тараз қалаларында аяқталған болатын.