АСТАНА. ҚазАқпарат – Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Франция қақпашысы Уго Льорис өз елінің рекордын жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Франция капитаны құрама сапында 143-інші рет алаңға шықты.
Осылайша, 35 жастағы Уго Льорис Франция қорғаушысы, әлем және Еуропа чемпионы Лилиан Тюрамның көрсеткішінен асып түсті. Л.Тюрам 142 матч өткізген еді.
Бір қызығы, қазіргі кезде Франция құрамында Лилианның ұлы, шабуылшы Маркус Тюрам өнер көрсетеді. Ол осы чемпионатта бірнеше рет ойыншыларды алмастырды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Нидерланд құрамасын жолдан тайдырған Аргентинаның жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ америкалық журналист Нидерланд-Аргентина матчы кезінде көз жұмды.
Бразилияда футбол жанкүйерлері төбелесіп, 1 адам көз жұмды.
Марокко Португалияны жеңіп, ½ финалға жолдама алды.
Португалия жеңілгеннен кейін Криштиану Роналду көз жасына ерік берді.
Марокко қақпашысы Португалиямен матчтың үздік ойыншысы атанды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).