Иран президенті отставкаға кететіні туралы ақпаратты жоққа шығарды

АСТАНА. KAZINFORM — Иран билігі ел президенті Масуд Пезешкианның отставкаға кетуі мүмкін деген ақпараттарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Фото: drpezeshkian.ir

Иран президенті Масуд Пезешкиан қызметінен кетуді жоспарламайтынын және өз міндетін атқара беретінін мәлімдеді. Бұл туралы ол алдын ала жазылған бейнеүндеуінде айтты. Үндеудің үзінділерін сейсенбі күні Иранның мемлекеттік IRNA ақпарат агенттігі жариялады.

Президент әкімшілігі басшысының қоғаммен байланыс және ақпарат жөніндегі орынбасары Мехди Табатабаи отставка туралы әңгімені «толықтай ойдан шығарылған ақпарат» деп атап, мұндай мәселе ешқашан қарастырылмағанын айтты.

Еске сала кетейік, Иран АҚШ-пен Ормуз бұғазы бойынша келісім жасалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Пезешкиан Иранда реформа жүргізуге дайын екенін мәлімдеген еді.

Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан ҚР Президентінің Телерадиокешеніне берген эксклюзивті сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан Еуразияның негізгі торабына айналып жатқанын айтты.