Прокурор мен жәбірленушінің өкілі айыптыға 3 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды, 12 160 теңге материалдық залал және 5 000 000 теңге моральдық залал өтеуді сұраған. Ал сотталушыны қорғаушы тарап бас бостандығынан айырмауды және жазаны ішінара қанағаттандыруды сұраған. Сондай-ақ, сот жаза тағайындау кезінде айыптының өз ісіне өкінуі мен жас балаларының болуын ескерген.
«Сот үкімімен Д., Қылмыстық кодекстің 107-бабының 2-бөлігінің 5) тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды, жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігін ескере отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. Сот үкімімен Д. Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігінің 5) тармағында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды және жасалған қылмыстың жеңілдететін және ауырлататын мән-жайды, қоғамдық қауіптілігін ескере отырып, сот оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», - делінген үкімде.
Одан бөлек, бұзақы сот үкімімен жәбірленушіге 2 млн теңге көлемінде моральдық залал, 12 160 теңгеге жәбірленушінің емін, тағы 700 мың теңгеге қосымша шығындарды өтеген.
Сот үкімі күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, биыл 27 қаңтарда ер адам науқасқа келген дәрігерлер бригадасының жүргізушісімен сөзге келіп қалып, жұдырық ала жүгірген болатын.
Бұл жанжалға ер адамның аула жолымен өте алмағаны себеп болған. Сосын ол қашып кетті. Депутат Елнұр Бейсенбаев жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан күдіктіні тез арада табуды талап етті.
1 ақпан күні жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Кейіннен Ішкі істер министрлігі күдіктінің жазасыз қалмайтынын жеткізген болатын. Сондай-ақ, жедел жәрдем жүргізушісін ұрған жігіттің соты онлайн өтетіні белгілі болды.