Мәлім етілгендей, Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов «Қазақстан» шахтасында іздестіру-құтқару жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстап отыр.
Сағат 18:14-те із-түзсіз болған төртінші адам табылды. Ол тау-кен құтқару взводы командирінің орынбасары Самат Шошимов басшылық ететін екі бөлімшенің күшімен табылды.«Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық орталық штабының бөлімшелері 5-ші кеншінің болжамды орналасуы бағытында Д-6 конвейерлік беткейінде жоғарыдан төмен қарай іздестіруді жалғастырып жатыр.Іздестіру жұмыстары апатты учаскенің толық түнім басуымен, жоғары температурамен (65 градус) және үйінділер түріндегі кедергілермен қиындауда. Жоғарыдан төмен қарай 170 метр жүріп өтілді.Жергілікті өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары тоқтатылды, барлық күш-жігер іздестіруге бағытталған
, - делінген ТЖМ хабарламасында.
Еске салайық, Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында өрт 17 тамыз күні сағат 10:05-те тұтанды.
Апат кезінде жер астында 227 кенші болды. 222 адамды жер бетіне жедел көтеру мүмкін болды, сегізі зардап шекті.
5 жұмысшының тағдыры белгісіз болды. 3 адамның денесі табылып, аты-жөні жарияланған еді. Бүгін, 19 тамызда төртінші жұмысшының денесі табылды.
18 тамыздағы жағдай бойынша медицина мекемелерінде өрттен зардап шеккен 11 кенші ем қабылдап жатты.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов мәлім еткендей, «Қазақстан» шахтасындағы апат үшін жауапты тұлға 7 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өрт себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.