«Бүгін ҚР ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері Ресей құқық қорғау органдарымен бірлесіп, РФ-ның Омбы облысының аумағында осы жылдың 1 қаңтарына қараған түні Қарағандыда бұзақылық əрекет жасап, кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен Армения Республикасының азаматы Нарек Гурурянды ұстады. Қазіргі уақытта заңнамаға сəйкес оны Қазақстан аумағына жеткізу мəселесі шешіліп жатыр», - деді ол.
Еске салсақ, 1 қаңтар күні Қарағандыдағы «Древний Рим» мейрамханасында болған жанжал кезінде бір жігіт көз жұмған болатын. Кісі өліміне қатысты 8 күдікті тұтқындалды. Содан кейін ҚР Ішкі істер министрлігі Қарағандыдағы кісі өліміне күдікті Гурурянға өз еркімен берілуге кеңес берді.
Сондай-ақ, ҚР Ішкі істер министрлігі Қарағандыдағы төбелестің себебін айтты.