Сапар барысында Президент өңірдің қарғын су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көріп, эвакуацияланған тұрғындармен кездеседі.
Сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізеді.
Бұған дейін БҚО-да су басқан аумақтардан 6 мыңнан астам адам эвакуацияланғанын жазған болатынбыз.
Батыс Қазақстан облысында су тасқынына байланысты күрделі жағдай туындаған жерлерге гуманитарлық көмек жеткізіліп жатыр.