Швейцарияның IMD World Competitiveness Center орталығы жыл сайын жүргізетін зерттеуде әлемнің 70 елінің экономикасы төрт негізгі бағыт бойынша бағаланады. Олар: экономикалық көрсеткіштер, мемлекеттік басқару тиімділігі, бизнестің тиімділігі және инфрақұрылым. Биылғы рейтингте Қазақстан 65,4 балл жинап, 38-орынға ие болды.
Жекелеген факторлар бойынша Қазақстан мынадай орындарға ие болды:
- экономикалық көрсеткіштер – 57-орын;
- мемлекеттік басқару тиімділігі – 23-орын;
- бизнес тиімділігі – 23-орын;
- инфрақұрылым – 43-орын.
- жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) - 44-орын.
2025 жылы Қазақстан рейтингте 34-орында болған. Ал 2022 жылы ел 43-орынды иеленген.
Рейтингтің алғашқы ондығына Сингапур (100 балл), Гонконг (95,6 балл), Швейцария (95,3 балл), Тайвань (94,3 балл), Біріккен Араб Әмірліктері (94,1 балл), Дания (94,1 балл), Ирландия (94,1 балл), Нидерланд (90,1 балл), Швеция (88,5 балл) және АҚШ (86,8 балл) кірді.
Жаһандық рейтингте Қазақстан өз көрсеткіштері бойынша Испания, Португалия, Польша, Италия және Аргентина секілді бірқатар елден жоғары орналасты.
Сонымен қатар Қазақстан халқының саны 20,4 млн адамға жетіп, ел осы көрсеткіш бойынша 32-орында тұр. Жұмыссыздық деңгейі 4,6% болса, бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан 31-орынға орналасты. Ал тұтыну бағаларының инфляциясы 11,4%-ды құрап, Қазақстан 65-орынға ие болды.
Бұған дейін S&P Global Ratings Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейіне көтерген болатын. Бұл — елдің 2016 жылдан бері жеткен ең жоғары көрсеткіші. Агенттік Қазақстан экономикасының орнықтылығын, инвестициялық әлеуетін және қаржылық буферлерінің жеткіліктілігін атап өтті.
Ал Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионаты басталғаннан кейін Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) Live рейтингінде бірінші орынға көтерілді.
Бибісара Асаубаева FIDE рейтингіндегі орнын сақтап қалған еді.