НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нью-Дели (Үндістан) қаласында теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Davis Cup кубогы (әлем чемпионаты) іріктеу кезеңінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, жарыстың екінші күні қазақстандық жасөспірімдер Вьетнам құрамасын 2:1 есебімен ұтты.
Бірінші ойында Әмір Омарханов қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:0, 6:0.
Тартысты өрбіген екінші матчта Данир Қалдыбеков те үмітті ақтады – 2:6, 6:2, 6:3.
Ештеңені шешпейтін үшінші бәсекеде Ә.Омарханов пен Виталий Зацепин ұтылып қалды.
Осылайша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алды.
Ертең қазақстандықтар D тобындағы соңғы матчын Таиландпен өткізеді.
Ширек финал жеребесі 13 сәуір күні кешкісін тартылады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшілердің әлем чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіспен бастағанын, Александр Бубликтің «Үлкен дулығаның» үш дүркін чемпионын ұтқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасы Германиямен өтетін матчқа дайындалып жатыр.
Ярослава Шведова Германия теннисшілерінің мүмкіндігі туралы айтты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).